$ 443.85  474.3  4.8

Тоқаев отандық телеарналардағы бағдарламаларды көріп, ризашылығын білдіруде

Отандық эстрада жұлдыздары осынау қиын кезде экранның арғы бетінен халықтың көңілін көтеріп, ақжарма тілектерін әуезді әуенмен жеткізді.
фото: top-news.kz
фото: top-news.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық телеарналардағы бағдарламаларды көріп, көңілі толып, ризашылығын білдіруде. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Берік Уәлидің Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Жыл табалдырықтан аттады. Барша отандастарымыз Жаңа жылды қазіргі жағдайға сәйкес қауіпсіздік шараларын сақтай отырып өз шаңырақтарында қарсы алды.

 Бұрынғыдай үй-үйге қонаққа барып, қаланы аралап, алаңға жиналып, мерекелік көңіл-күйдің жоғары нотасын ұстап жүретіндей емес. Осындай кезде отандық телеарналар халыққа уақытты тиімді өткізудің жолын ұсынып, мерекелік бағдарламалар жасады. Барлық бағдарламалардың басынан соңына дейін ән мен әзіл, танымдық ақпарат қатар өріліп, жұртқа жаңажылдық көңіл-күй сыйлай алды. 

Отандық эстрада жұлдыздары осынау қиын кезде экранның арғы бетінен халықтың көңілін көтеріп, ақжарма тілектерін әуезді әуенмен жеткізді. Нағыз мерекелік атмосфераны қалыптастыра алды. 

Бір бағдарламаның артында тұтас ұжымның үлкен еңбегі жатқанын білеміз. Еңбек ақталды, бағдарламалар көрермен көңілінен шықты деп сенеміз. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы отандық телеарналардағы бағдарламаларды көріп, көңілі толып, ризашылығын білдіріп жатқанын айтқым келеді.

Төрімізге шыққан жыл тағы да құтты болсын, ағайын!", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары