01.01.2021, 19:15

Елордада Жаңа жыл қарсаңында 32 сәби дүниеге келді

фото: pixabay.com
Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 8 балаға көп.

1 қаңтар түнгі сағат 00.00-ге дейін елордада 32 нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес түнгі 00:00-ден бастап көпсалалы қалалық ауруханалардың акушерлік блоктарында 16 ұл мен қыз дүние есігін ашты. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 8 балаға көп. Айта кетсек, елордада күніне орта есеппен 30-35 бала дүниеге келеді.