Жаңалықтар 02.01.2021 сағат 08:49

2021 жылы өмірге келген балалар ХХІІ ғасырды өз көзімен көреді — зерттеу

ЮНИСЕФ мәлімдемесіне сәйкес, 2021 жылы орташа есеппен 140 млн бала дүниеге келеді деген болжам жасалып отыр.
2021 жылы өмірге келген балалар ХХІІ ғасырды өз көзімен көреді — зерттеу
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) 2021 жылы дүниеге келген балаларға қатысты болжам жариялады. Сарапшылар зерттеуінше, биыл туған балалар ХХІІ ғасырға қадам басады.

ЮНИСЕФ мәлімдемесіне сәйкес, 2021 жылы орташа есеппен 140 млн бала дүниеге келеді деген болжам жасалып отыр. Ал олардың орташа өмір сүру ұзақтығы — 84 жас болмақ. Яғни олардың басым бөлігі 2100 жылды қарсы алып, ХХІ ғасыр оқиғаларының куәгеріне айналады.

«2021 жылды балаларға қауіпсіз, әділетті және бейбіт уақытқа айналдыру үшін барымызды салайық», — деді өз сөзінде ЮНИСЕФ атқарушы директоры Генриетта Фор.


Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанның бірнеше өңірінің әкімдігі Жаңа жыл түнінде дүние есігін ашқан нәрестелерге қатысты статистикалық мәліметтер ұсынған еді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар