Жаңалықтар 02.01.2021 сағат 19:40

Президенттің қытайлық телефонға жарнама жасағаны сынға ұшырады (ФОТО)

"Әңгімеге болса, үстіндегі Канадка Гуус лайықты, 1300 доллар тұратын..." - деді Ғабит Нұрханұлы.
Президенттің қытайлық телефонға жарнама жасағаны сынға ұшырады (ФОТО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінше бір көзілдіріксіз суретке түсіп, оны Instagram-дағы парақшасына салып, "Жаңа жылдың бірінші күні" деп жаза қойып еді, жұрт қазір онда да "көзге ұрып тұрған кемшілік" бар екенін "бетке басып" жатыр, деп жазды paryz.kz.

Facebook белсендісі Алтынбек Әбіш: "Қытай телефонын жарнамалап, ұлттық мүддені "аспен" қорғадық па?! (Жатырқап жатқандарға айтарым, телефон маркасын жарнамаламай да желіге салуға болар еді...)" деп жазды өз парақшасына. Ал Фазылбек Әбсаттарұлы оған: "Алтынбек тереңінен ойлап тұр... Демек телефон арқылы Президентімізді бақылай алуы мүмкін", - деген күдігін қосып қойды.

Белгілі дәрігер, қоғам белсендісі Ғабит Нұрханұлы болса, "Әңгімеге болса, үстіндегі Канадка Гуус лайықты, 1300 доллар тұратын. Телефон телеохранителдікі шығар, куртка точно өзінікі", - деп, бұл сөзіне дәлел ретінде мына суретті қоса жариялады.

Сондай-ақ, "телефон жарнамасын" журналист Алдаберген Кемпірбаев та президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиді тегтеп тұрып сөз етті.

"Мощная реклама телефонов марки Ксиоми! Берік Уәли, мощный жарнама жасап тастадыңыздар ғой. Қысқасы жай бюджеттік телефон дейді. Қарапайымдылығы үшін бөлек респект Президентке!" - деген ол, кейін тағы да "Қысқасы айфонға құлдықтан арылуға септігін тигізіп қалар", - деп "үміттенді".

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар