Нұр-Сұлтаннан шығатын барлық тасжолда жекелеген көлік түрлерінің жүруіне тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайында Smart Astana телеграм-боты ресми мәлімет таратты.
«2 қаңтар күні сағат 18:00 бастап ауа райының нашарлап, температураның төмендеуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласынан республикалық маңызы бар барлық жол бағыттары бойынша қоғамдық көлік және дизельмен жүретін автокөлік түрлеріне шектеу енгізіледі» делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, біз бұған дейін Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қатты аязға байланысты жол жабылғанын жазған болатынбыз. Сонымен қатар Қостанай мен Шығыс Қазақстанда да көлік қозғалысына шектеу қойылған.