Қазақстанда осы уақытта 22 511адам короновирус инфекциясынан (10 312 КВИ+ және 12 199 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Ондағы ақпараттарға қарағанда, емделіп жатқандардың арасында 4 846 адам стационарда, 17 665 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Ем қабылдап жатқан 262 адамның жағдайы ауыр, 55 адамның денсаулық жағдай өте ауыр, 50 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.