$ 439.43  473.31  4.82

Алматыда мейрамханалар түнгі клубтарға айналып жатыр

Мониторинг топтардың тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы 959 хаттама жасалды.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Алматыда карантин ережелерін бұзып, түнгі клубқа айналып жатқан мейрамханалар саны көбейіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда 8 қазаннан бастап шектеу шараларын сақтау бойынша аудандық әкімдіктер жанында 32 мониторингтік топ жұмыс істейтіні айтылады.

Мониторинг топтардың тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы 959 хаттама жасалды, оның ішінде заңды тұлғаларға – 48 378 870 теңге сомасына 243 хаттама, жеке тұлғаларға қатысты маска режимін бұзғаны үшін 29 835 720 теңге сомасына 716 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама жасалды.

Бұдан бөлек, 16 материал сотқа беріліп, 5 іс бойынша қызметтін тоқтату және 100 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) айыппұл салу туралы шешім қабылданды. Олардың ішінде келесі мекемелер бар:

• Медеу ауданы бойынша: "Манана" мейрамханасы, "Отырар бар", "Центральный" кафесі, "Hookan Dreems" лануж-бары, Nebo бары, Orange мейрамханасы, "Артист" бары;
• Түрксіб ауданында: "Раяна" мейрамханасы, "Атлантида" бильярд клубы, "Прованс" кафесі;
• Алмалы ауданында: "Арагоста" кафесі, "Дегирмен" мейрамханасы, "Дореми" караокесі;
• Әуезов ауданында: "Мята" лаундж-бары, "Алмалы" караоке-бары, Playstation Go ойын клубы.

"Сонымен қатар, қалада мейрамханаларды түнгі клубтарға қайта бейіндеу үрдісі байқалып жатыр, мұндай әрекет коронавирус инфекциясының таралу қаупі бойынша қосымша қауіп төндіреді. Мұндай факт Royal Tulip мейрамханасында тіркелген", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары