$ 444.22  476.38  4.82

Коронавирус: Семей қаласы сары аймаққа ауысты

Қала тұрғындарынан қауіпсіздік шараларын, гигиенаны сақтап, маска тағып жүру, адамдар көп жиналатын орындарға бармау сұралды.

Семей қаласы коронавирус таралуы бойынша "сары" аймаққа ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Семей қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметіне қарағанда, 100 мың тұрғынға шаққандағы апта ішіндегі ауырғандар саны және инфекция репродуктивлігінің біріктірілген көрсеткішін (R) есепке ала отырып, ШҚО эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес, Семей қаласы COVID-19 таралу деңгейі бойынша "сары" аймаққа енді", - делінген Семей әкімдігінің Instagram желісіндегі парақшасында.

Қала тұрғындарынан қауіпсіздік шараларын, гигиенаны сақтап, маска тағып жүру, адамдар көп жиналатын орындарға бармау сұралды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары