$ 498.34  519.72  4.85

Қаңтардың 5-іне арналған ауа райы

Алматы облысының слтүстігінде өте қатты аяз сақталады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК-сы қаңтардың 5-і күнгі ауа райы болжамын жария етті. 

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстан территориясында ауа райы өзгермейді, яғни бүгін Солтүстік антициклон жотасының ықпалынан еліміздің басым бөлігінде аяз болады, жауын-шашын болмайды. Тек республиканың солтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарның кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге жетеді.

Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі..

Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты аяз болады, Алматы облысының слтүстігінде өте қатты аяз сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары