Оқиға 20 шілде күні Шортанды ауылында орын алған. Үйінің ауласынан көлігін шығармақ болған 35 жастағы ер азамат арт жақта ойнап отырған кішкентай баласын көрмей қалыпты. Алған дене жарақаттары салдарынан сәби оқиға орнында көз жұмған.
Бұл туралы Ақмола облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлнара Пинчук мәлімдеді. Оның айтуынша, ер азамат абайсызда көлікпен ұлын басып кеткен. Ауруханаға кішкентай баланың мәйіті жеткізілген дейді полиция өкілі.
Аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер азамат "байқаусызда адам өліміне алып келген жол ережесін бұзу" бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін.