$ 443.85  474.3  4.8

Димаш Құдайберген Байденнің инаугурациясын мерекелеу салтанатына қатысады

Коронавирус инфекциясы пандемиясына байланысты мереке 2021 жылдың 17 қаңтарында сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 6:00-ден 8:00-ге дейін) онлайн түрде өтеді.
Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com

Димаш Құдайберген АҚШ президентінің инаугурациясын мерекелеу апталығының ашылу салтанатына қатысады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Бүгін Димаш Құдайбергеннің Америка Құрама Штаттарында 17 қаңтар күні басталатын жаңадан сайланған АҚШ президенті Джозеф Байденнің инаугурациясын тойлау апталығының ашылу салтанатына қатысатындығы хабарланды", деп жазды dimashnews.com.
Дәстүр бойынша бұл іс-шараны Бауырлас қалалар ассоциациясы – "Sister Cities International" ұйымы өткізеді. АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джозеф Байден бұл ұйымның құрметті тең төрағасы болды. Сонымен қатар бұл іс-шараға дипломатиялық корпуста қатысады.

Коронавирус инфекциясы пандемиясына байланысты мереке 2021 жылдың 17 қаңтарында сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 6:00-ден 8:00-ге дейін) онлайн түрде өтеді.

Вашингтонда орналасқан "Sister Cities International" халықаралық үкіметтік емес ұйымының негізін 1953 жылы АҚШ-тың 34-президенті Дуайт Эйзенхауэр қалаған.

"Sister Cities International" іс-шарасынан бір күн бұрын, 16 қаңтарда қазақстандық орындаушының "DIMASH DIGITAL SHOW" атты алғашқы онлайн-концерті өткізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары