$ 448.15  483.46  4.86

Қатты аязға байланысты бірқатар автожолдар жабылды

"Алматы-Өскемен" автожолының 558-615 шақырымы, Үшарал қаласы-Шығыс Қазақстан облысының шекарасы учаскесі жабылды.
фото: today.kz
фото: today.kz

Қазақстанның бірқатар аймақтарында ауа райының қолайсыздығына байланысты автожолдар жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шығыс Қазақстан облысында температураның төмендеуіне байланысты барлық бағыттар бойынша автожолдарда дизельді және қоғамдық көліктерге жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Алматы облысында "Алматы-Өскемен" автожолының 558-615 шақырымы, Үшарал қаласы-Шығыс Қазақстан облысының шекарасы учаскесі жабылды.

Павлодар облысында "Омбы-Майқапшағай" автожолының  426-587 шақырымы, Кенжекөл ауылы-Шығыс Қазақстан облысының шекарасы учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары