Мереке күні, атап айтқанда 7 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктер қалыпты жұмыс істейді. Бұл туралы CTS компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Алда Рождество мерекесіне орай тағы бір демалыс күні болады. Алайда қоғамдық көлік әдеттегідей жұмысын жалғастырады. 7 қаңтарда автобустар жүреді», - делінген компания хабарламасында.
Еске сала кетейік, бетперде тағу режимін сақталады, жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.