$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев коронавирустың жаңа түрін жұқтырған Армения президентіне сауығып кетуін тіледі

Армения президенті енді уақытша қашықтан жұмыс істеу форматына ауысады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың жаңа түрін жұқтырған Армения президенті Армен Саркисянның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан президенті әріптесіне арнаған жазбасын Twitter желісіндегі парақшасында жариялады. «Армен Саркисянның коронавирустан жылдам айығып кетуіне және Армения халқының игілігі үшін мемлекеттік қызметке қайта оралуына тілектеспін. Біздің елдеріміз бен бүтін әлемнің белсенді күш-жігері COVID-19-ды жеңуге ықпал ететініне сенімдімін», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Лондонда ота жасатқан Армения президенті коронавирустың жаңа түрін жұқтырып алғаны туралы жазған болатынбыз. Армен Саркисян 3 қаңтар күні Лондонда аяғына ота жасатқан. Ота сәтті өткенімен, президенттен коронавирус жаңа штаммының белгілері анықталған. Ал тест оң нәтиже көрсетіпті. Бұл туралы президент әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Армения президенті енді уақытша қашықтан жұмыс істеу форматына ауысады. Айта кетерлігі, Армен Саркисян еңбек демалысы кезінде Жаңа жылды жанұясымен, немерелерімен Ұлыбританияда қарсы алған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары