06.01.2021, 12:40

Елімізде өткен тәулікте 4 адам коронавирустан қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзі
6 қаңтардағы мәлімет бойынша, 22 791 адам короновирус инфекциясынан (10 722 КВИ+ және 12 109 КВИ-) емделіп жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте тіркелген коронавирус пен КВИ белгілері бар пен пневмонияға шалдығушылар туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Өткен тәулікте коронавирустан 4 адам қайтыс болды. Пневмония бойынша кісі өлімі фактісі тіркелмеді.

6 қаңтардағы мәлімет бойынша, 22 791 адам короновирус инфекциясынан (10 722 КВИ+ және 12 109 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 212 пациент стационарда, 17 579 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

299 адамның жағдайы ауыр; 45 науқастың жағдайы өте ауыр; 44 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.