07.01.2021, 14:34

Нұр-Сұлтанда көлік жуу орталығында 13 көлік өртеніп кетті

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Нұр-Сұлтанда 13 көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«7 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы Есенберлин көшесіндегі көлік жуу орталығында өрт болған. Өртсөндірушілер «Батыр» көлік жуу орнының екі қабатты ғимаратында көліктер жанып жатқанын анықтады. Алдын ала болжам бойынша, 13 жеңіл көлік өртеніп кетті», - деп жазылған хабарламада.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.