Ирак соты АҚШ президенті Дональд Трампты америкалық әскери-әуе күштерінің шабуылы салдарынан қаза болған Ирактың "Аль-Хашд аш-Шааби" атты шейіттер жасағы басшысының орынбасары Әбу Махди әл-Мухандистің өліміне қатысты іс бойынша қамауға алу туралы шешім шығарды.
Сот Ирак Қылмыстық кодексінің 406-бабына сәйкес, алдын ала тергеу нәтижелерін есепке ала отырып, Трампты қамауға алу туралы ордер берген. Бұл бап бойынша "қасақана кісі өлтіргені" үшін ең ауыр жаза - өлім жазасы қарастырылған деп хабарлайды ТАСС шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. Сондай-ақ сот "қылмыстың өзге қатысушыларын анықтау үшін яғни олардың ирактықтар немесе шетелдіктер екенін білу үшін әл-Мухандистің өліміне қатысты тергеу жалғасып жатқанын атап өтті.
Айта кетсек, өткен жылы Бағдад әуежайы маңында АҚШ-тың әуе шабуылының салдарынан әл-Мухандис пен Ислам революциясы күзеті корпусының "Әл-Кудс" күштерінің қолбасшысы генерал Касем Сулеймани қаза болған еді.
Иран АҚШ-тың бұл шабуылына жауап ретінде 8 қаңтарға қараған түні Ирактағы АҚШ әскери күштерінің қолданысындағы екі нысанға - Айн-эль-Асад базасы мен Эрбиль әуежайына зымыранмен соққы жасады.
Еске салсақ, бұған дейін 7 қаңтарда Дональд Трамптың жақтастары Капитолийге, одан кейін Вашингтондағы сенат залына баса көктеп кірген болатын. Кейін Instagram, Facebook, Twitter және Youtube Дональд Трамптың аккаунтын бұғаттап тастады.