$ 447.4  477.55  4.76

«Біздің қоғамда екіжүзділер, сатқындар көп» - Дәулет Мұқаев

Кей адамдарға өкпем қара қазандай…
Фото: @dauletten
Фото: @dauletten

Танымал блогер Дәулет Мұқаев екіжүзді таныстарын сынға алды.

«Кей адамдарға өкпем қара қазандай…

Өткенде ғана отырыста бір топ блогер, танымал жандар, өнер адамдарымен дастарқандас болып отырғанымда “Адал партиясына дауыс береміз”, тіпті өздері менімен суретке түсіп… Сөз сөйлегенде де “Адал алға”, — деп отыр еді. Қазір қарасам, солардың басым бөлігі “мен НұрОтанға” дауыс беремін, менің таңдауым “НұрОтан” деп жүр. Бір өкініштісі, солардың арасында 1 жыл емес, 5-10 жылдан бері араласып келген жандар бар. Бәлкім, олардың жарнамасына қомақты сыйақы берген болар?! Бірақ адамдар екіжүзді болмау керек қой?! Біздің қоғамда екіжүзділер, сатқындар көп. Ақшамен көп нәрсені сатып алуға болады… Бірақ, АДАМГЕРШІЛІКТІ, АДАЛДЫҚТЫ сатып ала алмайсыздар. Сайлау өтер де кетер… Адал болайық! Айтарым осы… Қайырлы түн! #БірКемДүние

PS: басқа партиялардың қанша процент алатынына шаруам жоқ! Бізге керегі кемі 7% дауыс! Парламентте бір ғана партия ОТЫРМАЙДЫ!» — деп жазды ол желідегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары