$ 443.85  474.3  4.8

Алматы облысында қой аязды күнде далада қатып қалған

Қазгидромет мәліметінше, 5 және 6 қаңтарда Алматы облысында ауа температурасы өте төмен болды.

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Алматы облысында далада қатып қалған қойдың видеосын таратуда. Термометр бұл күндері аймақта минус 30 градустан төмен көрсеткіш көрсеткен, деп хабарлайды Stan.kz.


Видео авторы жағдай Жансүгіров кентінің маңында (Алматы облысы Ақсу ауданының әкімшілік орталығы) болғанын айтады.

"2021 жыл, бірінші айдың алтыншы күні (6 қаңтар). Жансүгіровте қой осы жерде тоңып қалды", - дейді ер адам малға қарай жақындап. Қой ер адам оны түрткен соң жерге құлап түседі.

Қазгидромет мәліметінше, 5 және 6 қаңтарда Алматы облысында ауа температурасы өте төмен болды. Түнде термометр бағандары 30-32, ал кейбір аудандарда 35 градусқа дейін көрсетті.

Әлеуметтік желі қолданушылары далада тоңған қойдың видеосын қызу талқылап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары