Шетелдік актер Саша Барон Коэн елде дау тудырған Борат образын қолданудан бас тартатынын айтты, деп хабарлайды LADbible басылымы. ⠀ Variety журналына берген сұхбатында 49 жастағы актер Боратты «сөреге қоятынын» мәлімдеді. Саша Барон Коэннің айтуынша, персонаж прототипі бұрынырақта кездестірген орыс таксисі. Сондай-ақ, ол Боратты былтыр АҚШ президенті қызметінен кеткелі жатқан Дональд Трампты сынау үшін қолданғанын жеткізді. ⠀ «Бұл фильмнің мақсаты болды. Демократияға қауіп төніп тұрғанын сездім және фильмді аяқтау керегін түсіндім. Енді бұлай жасаудың мәнін көріп тұрғаным жоқ», — деді Коэн сұхбатында.