$ 494.87  520.65  4.91

Сайлаушылар нені білгені жөн

Сайлау процесі қалай өтетінін аймақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова айтып берді.

10 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. Сайлау процесі қалай өтетінін аймақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пандемияға байланысты қалада тұрғындардың қауіпсіздігі үшін барлық жағдай жасалған.

Сайлау учаскелері таңғы 07:00 -ден кешкі 20:00 ашық болады. Сайлаушылар маскамен келуге міндеттеледі.

Егер жоқ болса оларға кіреберісте маска беріледі. Егер оның дене қызуы жоғары болса, дауыс беруге тыйым салынады. Учаскелерде жедел жәрдем каретасы кезекшілік ететін болады.

Олар қызуы көтерілген пациентті инфекциялық стационарға жеткізеді. Қажет болған жағдайда адамды ауруханаға жатқызады.

Медициналық мекемеде жабық учаскелерде оған дауыс беруге мүмкіндік беріледі.

Дауыс беруші өз учаскесін 221-10-01 кулл орталығы арқылы тегін біле алады немесе @sailau_almaty Telegram-бот көмегімен,сондай-ақ «Open Almaty» сервис орталығында және http://service.almaty.kz/ru арқылы біле алады. «Мен неге тізімде жоқпын деген сұрақ көп. Анықтай бастағанда ол адамның басқа қалада тіркеуде тұрғаны анықталады. Алматыда тіркеуде тұрған тұрғындар қалада дауыс берсе, басқалары шығу құжаты арқылы дауыс бере алады»,- деді Жанна Асанова.

Дауыс беруші тізімделген соң қол қойып, Мәжіліс және мәслихатқа екі бюллетень алып шығады.

«Басқа аймақтарда бюллетень көп болуы мүмкін. Себебі аудандық, облыстық мәслихат бюллетеньдері болады. Ал Алматыда тек 2 бюллетень»,- деді спикер.

Сайлау учаскелері бойынша негізгі санитарлық-эпидемиологиялық талаптар:

- әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін дауыс беру бөлмесі жеткілікті мөлшерде кең болуы тиіс;

- ғимаратқа кіре берісте және сайлау учаскесінің үй-жайында КВИ-дың алдын алу бойынша ақпарат орналастырылады;

- сайлау учаскесінің аумағында және дауыс беруге арналған үй-жайда сайлаушылар легінің бағытын көрсететін белгілер орналастыру, 1,5-2 метр қашықтықты белгілеу;

- дауыс беруге арналған үй-жайда қолды дезинфекциялауға арналған антисептикалық құралы бар санитайзерлерді орнату;

- қажеттілігіне қарай дауыс беруге арналған кабиналарға санитарлық өңдеу жүргізу;

- дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, ғимаратқа үнемі ылғалды тазалық жүргізу. Бұл ретте есік тұтқаларын, таяныштарды, дауыс беруге арналған кабиналарды, үстелдер мен орындықтардың жанасу беттерін, кеңсе техникасын, дауыс беруге арналған стационарлық және тасымалданатын жәшіктерді дезинфекциялауға ерекше назар аудару қажет;

- дауыс беруге арналған ғимараттың кіреберісінде және одан шығатын жерде пайдаланылған жеке қорғаныш құралдарын жинау және оларды одан әрі кәдеге жарату үшін контейнерлер орнату.

Эпидемиологтардың айтуынша, дауыс беру алдында және күні бойы бөлмені желдетіледі.

Өз кезегінде, ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің № 69 Қаулысына сәйкес, жасырын дауыс беру үшін алдыңғы пердесі жоқ кабиналарды пайдалану қарастырылған. Бұл талап сайлау өткізу жөніндегі заңнамаға қайшы келмейді және 2020 жылдың тамызында ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау кезінде де қолданылды. Бұл шара ауаның табиғи айналымына ықпал етеді және инфекцияның таралуын болдырмау үшін қосымша желдетуді қамтамасыз етеді.

«Сайлау процесіне қатысушылардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды аспектілердің бірі болып табылады. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын шектеу шараларына түсіністікпен қарауға және өздері мен жақындары үшін санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Сондай - ақ, саяси партиялардың өкілдеріне барлық талаптарды қатаң және бұлжытпай орындауға және олардың сақталуына жауапты тұлғаларды тағайындауға шақырамыз», - дейді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.

Аумақтық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, сайлау комиссияларының барлық мүшелері дауыс беруге арналған ғимараттан тыс жерде азаматтардың дауыс беруін ұйымдастыруға арналған бетперделермен, қорғаныш экрандарымен, қолғаптармен, санитайзерлермен, қорғаныш халаттарымен қамтамасыз етілген.

Коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында сайлау комиссияларының барлық мүшелері, сенім білдірілген адамдар, байқаушылар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтеді.

Әрбір зертхана интеграция арқылы ақпараттық жүйеге тестілеуден өткен барлық адамдар үшін мәртебе беретіндігін атап өткен жөн, егер тест оң нәтиже көрсетсе, ол жеке деректер базасында тіркеледі.

Көрсетілген жүйеде ЖСН бойынша тексеруге Алматы қаласының мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау органы қол жеткізе алады, олар ПТР-тестілердің ұсынылған нәтижелерінің дұрыстығын тексере алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сайлау