$ 446.49  475.38  4.79

Индонезияда жолаушылары бар Boing ұшағы теңізге құлады

Жергілікті газеттің хабарлауынша, ұшақта 59 жолаушы, оның ішінде 5 бала болған.

Индонезияда жоғалып кеткен Boeing 737-500 ұшағының сынықтары теңізден табылды, деп хабарлайды Stan.kz СИНЬХУА-ға сілтеме жасап.

БАҚ-тың хабарлауынша, Sriwijaya Air әуе компаниясының жолаушылар ұшағы суға құлап, оның сынықтары мен бөліктері табылған.

Джакартадан Понтианак бағытына қарай ұшқан Индонезия әуе  компаниясы ұшағымен байланыс 9 қаңтарда UTC уақыты бойынша 7.40.27-де жоғалды.

Бір минуттан аз уақыт ішінде ұшақ 10 мың футтан астам биіктікті жоғалтқан. Бұл жағдай лайнер Джакартадан ұшқан соң 4 минуттан кейін орын алды.

Жергілікті газеттің хабарлауынша, ұшақта 59 жолаушы, оның ішінде 5 бала болған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары