Индонезияда жоғалып кеткен Boeing 737-500 ұшағының сынықтары теңізден табылды, деп хабарлайды Stan.kz СИНЬХУА-ға сілтеме жасап.
БАҚ-тың хабарлауынша, Sriwijaya Air әуе компаниясының жолаушылар ұшағы суға құлап, оның сынықтары мен бөліктері табылған.
Джакартадан Понтианак бағытына қарай ұшқан Индонезия әуе компаниясы ұшағымен байланыс 9 қаңтарда UTC уақыты бойынша 7.40.27-де жоғалды.
Бір минуттан аз уақыт ішінде ұшақ 10 мың футтан астам биіктікті жоғалтқан. Бұл жағдай лайнер Джакартадан ұшқан соң 4 минуттан кейін орын алды.
Жергілікті газеттің хабарлауынша, ұшақта 59 жолаушы, оның ішінде 5 бала болған.