Алматыда «Grin Lab» ЖШС және «Био Лаб» ЖШС ПТР-зертханалары рұқсатсыз жұмыс істеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласы Санитариялық және эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, ПТР-тест жасайтын зертханалар ІІ патогенді топтағы микроағзалармен жұмыс істеу үшін арнайы комиссияның рұқсатын алуы тиіс.
Алматыда анықталған екі зертхана коронавирус анықталған жағдайда, тест нәтижесі туралы департаментке хабар бермеген. Сонымен қатар бұл зертханалар мына талаптарды орындамаған:
- коронавирус анықталғанда, 2 сағат ішінде департаментке хабар бермеген, сонымен қатар 3 сағат ішінде хаттама жібермеген;
- Департаментке тестілеуден өткен адамдар туралы есеп бермеген.
Бұл коронавирус анықталған науқастардың нақты санын атауға, вирус анықталған жерлерде арнайы іс-шараларды жүзеге асыруға кедергі келтірген.