10.01.2021, 07:58

Асқар Мамин дауыс берді

Фото: inform. kz
Үкімет басшысы аталған сайлау учаскесінде тіркелгенін растап, бюллетень алып, дауыс берді.

Елордадағы «Астана» концерт залында орналасқан №138 сайлау бөлімшесіне ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин алғашқылардың бірі болып дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет басшысы аталған сайлау учаскесінде тіркелгенін растап, бюллетень алып, дауыс берді.

Учаскеде санитарлық нормалар барынша мұқият сақталған. Жауапты мамандар әрбір адамның дене қызуын өлшеп, медициналық маска, қолғаптың болуын тексеруде. Әлеуметтік қашықтықтың сақталуы да сәт сайын ескертіліп жатыр.