Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Қазақстанның қос өңірі қайтадан "қызыл" аймаққа енді.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарындағы көрсеткіш мынадай:
Ақмола және Павлодар облыстары "қызыл" аймақта; Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысы "сары" аймақта; Басқа өңірлердің барлығы "жасыл" аймақта.6 қаңтардағы мәлімет бойынша, Атырау облысы "қызыл" аймаққа енді. Бірақ, көп ұзамай бұл өңір аталған деңгейден қайта шыға алды.