$ 494.87  520.65  4.91

«ADAL» партиясының төрағасы «Nur Otan»-ды құттықтады (ВИДЕО)

Бірінші орында келе жатқан "Nur Otan" партиясын құттықтаймын деді ол.

«ADAL» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына ұсынылған үміткерлерге дауыс берген сайлаушыларға алғыс айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Ол ұйымның негізінен жастардан тұратынын атап өтті. Әрі сайлауалды кезеңде басталған жұмыстың бұдан әрі де жалғасатынын жеткізді.

«Бұл тек сайлау үшін емес, бұл партия халыққа берген уәдесін қалай орындау керек, соның жолымен жүретін партия. Бұл бүгін халыққа өте керек партия. Экзит-пол деген бар, өздеріңіз білесіздер. Соның алғашқы анализі бойынша Nur Otan партиясы бірінші орында келе жатыр. Сондықтан өзім Nur Otan партиясын құттықтаймын», - деді Серік Сұлтанғали.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары