10 қаңтарда Қазақстан аумағына Германия, Мальдив, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен 23 халықаралық әуе рейсімен қазақстандық 2 655 жолаушы келді. Олардың ішінде теріс нәтижесі бар ПТР-анықтама 2 283 жолаушыда болса, қалған 372 жолаушыда тиісті анықтама болмаған.
Оның ішінде:
Алматы әуежайына – 12 рейс (1 531 жолаушы, анықтамамен - 1 375, анықтамасыз – 156); Нұр-Сұлтан әуежайына – 11 рейс (1 124 жолаушы, анықтамамен - 908; анықтамасыз – 216).Тиісті анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестен өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Сондай-ақ, 9 қаңтарда ПТР-анықтамасыз келген 247 Қазақстан азаматының төртеуінен коронавирус анықталды. Олар Шарм-эль-Шейх (Египет) қаласынан Қостанай әуежайына ұшып келген.