$ 494.87  520.65  4.91

Павлодар облысында отбасылы ер адам қыздың қыр соңынан қалмай мазалаған

Ол қызға сыйлықтар, гүл беріп, күннің кез келген уақытында қоңырау шалып, мазалай берген.

Екібастұздық полицейлер қызға көмек көрсетті. Олар бір қыздың қыр соңынан қалмай қойған отбасылы ер адамды тәртіпке салды, деп хабарлайды Stan.kz Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қыз Екібастұз қаласының полициясына жүгініп, танысымен қарым-қатынасты реттеуге көмек сұрады. Ер адамның үйленгенін біліп, ол онымен кездесуден үзілді-кесілді бас тартты. Бірақ жігіт оның қыр соңынан қалмай қойған. Ол қызға сыйлықтар, гүл беріп, күннің кез келген уақытында қоңырау шалып, мазалай берген. Ер адам отбасысын тастап кеткенін айтып қызды көндірмек болған.

"Қыз ер адамның бұл қылығы дұрыс емес екенін айтып, полициядан көмек сұрады", - дейді облыстық полиция департаменті штаб бастығының орынбасары Ерболат Муратхожин.

Учаскелік инспектор 37 жастағы Екібастұздық азаматпен профилактикалық әңгіме жүргізіп, қыздың басқа адаммен кездесіп жүргенін және онымен байланысты жалғастырғысы келмейтіндігін түсіндірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары