$ 494.87  520.65  4.91

Данияр Елеусінов: Екі әйелімнен екі ұлым бар

елгілі болғандай, былғары қолғап шебері қазіргі таңда екінші отбасымен тұратын болып шықты.

Қазақ атын күллі әлемге танытып жүрген боксшы Данияр Елеусінов алғаш рет жеке өміріне қатысты бар шындықты айтты. Белгілі спортшы бүгінде екі ұлдың әкесі екен. Алайда, перзенттері екі түрлі анадан туған деп жазады KAZ.NUR.KZ

Данияр Елеусінов отбасылық өміріне қатысты жан сырын ақтарып, көпшілік біле бермейтін бірқатар тың мәліметтермен бөлісті. Белгілі болғандай, былғары қолғап шебері қазіргі таңда екінші отбасымен тұратын болып шықты. Алайда, ол бірінші жанұясы жайлы еш ұмытпаған. Оның айтуынша, бұрынғы жары мен ұлы бүгінде онымен көрші болып тұрады. Бұл туралы ол журналист Нұрсұлтан Құрманның Youtube-арнасына берген сұхбаты барысында баяндады. 

"Жеке өміріме қатысты айтатын болсам, екі ұлым бар. Тұңғышым - Даниель, екінші ұлым - Мұхамед. Құдайға шүкір. Иә, екеуі екі бөлек анадан туған. Бірақ, екеуі де өз ұлдарым. Балаларым әрдайым қасымда. Бірінші жанұяммен бірге тұрмаймын. Баламды күнде көріп тұрамын. Бір тұрғын-үй кешенінде тұрамыз. Қасымызда көрші тұрады. Ол жерде ағам дағ апам да тұрады. Балам күнде үйде, сол себепті қалаған кезімде көріп тұрамын" , - деді Данияр Елеусінов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары