$ 443.35  475.54  4.82

БҒМ мектептерде смартфон пайдалануға тыйым салуы мүмкін

Оның сөзінше, мұндай жұмыс бұл бұйрыққа ғана қатысты емес, БҒМ шығаратын барлық бұйрықтар бойынша жүргізіледі.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова ОКҚ-дегі брифингте мектептерде смартфон пайдалануға шектеу енгізуді көздейтін бұйрық жобасына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Бұл бұйрық қоғамдық талқылау үшін шығарылып отыр. Мұндай бұйрықтар қоғамның пікірін, педагог-әріптестеріміздің пікірін білу үшін шығарылады. Сондықтан бұйрық талқыланып болғаннан кейін біз қоғамдық порталға түсіп жатқан ұсыныстар мен пікірлерге қарап, міндетті түрде тиісті өзгертулер енгіземіз", – деді Каринова.

Оның сөзінше, мұндай жұмыс бұл бұйрыққа ғана қатысты емес, БҒМ шығаратын барлық бұйрықтар бойынша жүргізіледі.

"Телефон пайдалануды шектеу мәселесі көптен бері талқыланып келеді. Әрі тек біздің елде ғана емес. Түрлі пікір бар. Біз бұл мәселені әлі де зерттеп, түпкілікті шешім қабылдаймыз", – деді ол.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары