Ақтөбе халықаралық әуежайына Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың есімі берілмек. Бұл туралы Үкімет қаулысы шыққан.
«Ақтөбе халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына Әлия Молдағұлованың есімі берілсін. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген қаулыда.
Әлия Молдағұлова 1925 жылдың 25 қазанында Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында дүниеге келген.
Ұлы Отан соғысы кезінде жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. Оған 1944 жылдың 4 маусымында Кеңес одағының батыры атағы берілді.
Әлия есімімен аталатын көшелер, ондаған мектеп (Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі), Әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий жүк таситын теплоходы бар. Ақтөбе, Астана, Алматы, Мәскеу, Петербор , Новосокольники қалаларында ескерткіш орнатылған. Ақтөбеде облыстық мемориалды музей жұмыс жасайды.