$ 494.87  520.65  4.91

Ғашық қызымен жыныстық қатынасқа түскен бозбала бостандыққа шықты

Бостандыққа шыққан ақтөбелік бозбаланы анасы күтіп алды. Бозбала өз ризашылығын білдірді.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Кәмелет жасқа толмаған ақтөбелік бозбала 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, сотталды. Бүгін оның жаза мерзімі жеңілдеп, бостандыққа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Іс материалына сүйенсек, сотталушы Т. 15 жастағы А-мен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түскен. Сотталушы Т-ның кінәсі өзінің және жәбірленуші А-ның сотқа дейін тергеп-тексеру кезіндегі жауабымен, жәбірленушінің заңды өкілінің, куәлар мен сарапшылардың жауабымен, сараптама қорытындысымен толық дәлелденді.

Прокурор соттан Т-ны 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сот 3 жылға бас бостандығанан айыру жазасын тағайындады . Ал бүгін соттың аппеляциялық шешімі шықты.

«Ақтөбе облыстық соты Қылмыстық кодекстің 122-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен сотталған Т- ға қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіппен қарады. Сот алқасы Т-ның кәмелетке толмағанын, оның өкінетінін, жеке-басын, жәбірленуші мен оның заңды өкілінің пікірлерін ескерді. Сол себепті сот Т-ға 1 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады және оны қамаудан босатты», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Бостандыққа шыққан ақтөбелік бозбаланы анасы күтіп алды. Бозбала өз ризашылығын білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары