Алматы мәслихатына "Nur Otan" партиясынан сайланған депутаттардың тізімі бекітілді, деп хабарлайды Oinet.kz.
Партияның қалалық филиалының төрағасы, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, жаңа депутаттық Фракция алдында «Алматы-2050» стратегиясы негізінде әзірленген сайлауалды бағдарлама мен сайлаушылардың аманаттарының орындалуын жүйелі түрде қадағалау міндеті тұр. Ұсынылған тізімде әйелдердің үлесі 31%-ды, жастардың үлесі – 24%-ды құрады. Депутаттардың орташа жасы – 43 жас (бұрын, VI шақырылымдағылардың орташа жасы 48 жас болатын), депутаттар құрамы 5 жасқа жасарды.
Олардың қатарында Қайрат Құдайберген, Ермахан Ибраимов, Жансая Әбдімәлік сынды танымал тұлғалар бар.
Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалынан сайланған депутаттар тізімі:
1. Ақанова Әсия Айқанқызы – Алмалы аудандық белсенді ұзақ өмір орталығының және «Күміс ғасыр» ҚҚ-ның директоры.
2. Авершин Константин Викторович – «Я - алматинец» қоғамдық қозғалысының жетекшісі.
3. Әбдімәлік Жансая Даниярқызы – Қазақстандық шахматшы, халықаралық спорт шебері және әйелдер арасындағы гроссмейстер.
4. Әділханов Мұрат Әділханұлы – «Көктем групп ЛТД» ЖШС-нің басқарма төрағасы.
5. Байтасов Арманжан Мерекеұлы – «Tanmedia Group» директорлар Кеңесінің төрағасы
6. Бекенова Гүлжан Мырзалықызы – №169 мектеп-лицейдің директоры.
7. Білісбеков Асқар Ерғалиұлы – «Алматы ӘКҚ» АҚ-ның басқарма төрағасы.
8. Бөлекбаева Райхан Чантқызы – Д. Қонаев атындағы коледж директоры.
9. Грачев Михаил Владимирович – «ДСУ-13»АҚ-ның директоры.
10. Есматов Серік Аманжолұлы – Параолимпиадашы, волейболдан Қазақстанның жастар құрама командасының экс-капитаны.
11. Жүдебаев Арман Әділханұлы – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры.
12. Зулеев Мұхтар Махамбетұлы – «Good food KZ» ЖШС-нің директоры.
13. Ибрагимова Ляззат Еркенқызы – «Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің» АҚ-ының басқарма төрайымы.
14. Ибраимов Ермахан Сағиұлы – бокстан Олимпиада чемпионы, «Бокстан олимпиадаға даярлау орталығы» РМКК-ның директоры.
15. Канкуров Станислав Владимирович – Nur Otan партиясы Алматы ҚФ төрағасының бірінші орынбасары.
16. Қасымов Ерболат Болатұлы – «Айсултан» холдингтік компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы.
17. Көбеева Алтынай Орманқалиқызы – Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы, «Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ-ның директоры.
18. Қодасбаев Алмат Тұрысбекұлы – «қалалық кардиологиялық орталық» ШЖҚ МКК-ның бас дәрігері, 100 жаңа есім жобасының жеңімпазы.
19. Құдайберген Қайрат Құдайбергенұлы – «Q3 Worldwide» инвестициялық холдингтің бас директоры.
20. Құрманбек Әсел – «Green Works» ЖШС-нің құрылтайшысы. 21. Нәбиев Әміржан Әміржанұлы – «Атрикс-Строй» ЖШС-нің директоры.
22. Садықов Болат Нұрмырзаұлы – «№5 қалалық клиникалық аурухана» МҚК-ның бас дәрігері.
23. Сәрсенбай Қали Қошқарұлы – «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы.
24. Талбидинов Есенгелді Закірханұлы – «Жол-Транссервис 2006» бас директоры.
25. Тау Нұрымбек – «Daco motors KZ» ЖШС-нің директоры.
26. Өмірбаева Зауреш Әбілғожанқызы – Кәсіподақтардың Алматы қаласы бойынша «Кәсіподақ орталығы» Аумақтық бірлестігінің төрайымы.
27. Финогенов Максим Владимирович – «DWS group» компаниясының директоры.
28. Шардинов Шухрат Ахметжанұлы – «АЗМК» ЖШС-нің бас директоры.
29. Шимашева Рахат Сейдахметқызы – Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы.