$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтанда жексенбі күні автобус жүрмейді

17 қаңтар, жексенбі күні оғамдық көлік қатынамайды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

17 қаңтар, жексенбі күні елордада қоғамдық көлік қатынамайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

City Transportation Systems көлік компаниясы таратқан ресми мәліметке сенсек, 17 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады.

«Ол күні автобустарда дезинфекциялық жұмыс жүргізіледі» делінген хабарламада.

Айта кетейік, автобуста бетперде режимі сақталуы тиіс. Қоғамдық көлікке маскасыз кіруге болмайды.

Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары