15.01.2021, 11:20

«Мәжіліс пен мәслихаттарға білікті, абыройлы адамдар келді» – Тоқаев

Фото: ашық дереккөзі
«Бұған партиялық тізімде әйелдер мен жастар үшін отыз пайыздық квота белгілеу арқылы қол жеткіздік», - деді Мемлекет басшысы.

Мәжіліс пен мәслихаттарға білікті, абыройлы адамдар келді. Бұл туралы 7-інші шақырылған Парламенттің алғашқы отырысында Президент Қасым Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен сайлау саяси бәсекені арттыруға оң ықпал етті. Мәжіліс пен мәслихаттарға білікті, абыройлы адамдар келді. Бұған партиялық тізімде әйелдер мен жастар үшін отыз пайыздық квота белгілеу арқылы қол жеткіздік», - деді Мемлекет басшысы.