$ 495.2  522.34  4.94

ПТР-анықтамасыз келген 747 шетел азаматы кері қайтарылды

Бір тәулік ішінде «Үрлітөбе» бекетінде COVID-19-дың 3 расталған жағдайы (симптомсыз) анықталды.

ҚР Мемлекеттік шекарасының Павлодар облысының аумағындағы бөлігінде 4 автокөлік өткізу пунктінде, азаматтардың ел аумағына келуіне мониторинг тәулік бойы жүргізіліп келеді. Бүгінгі күні 14 014 ПТР-зерттеу жүргізіліп, COVID-19-дың шеттен әкелінген 108 жағдайы тіркелген. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Шектеулер шаралары енгізілген сәттен бастап Павлодар облысына 52 133 адам (орташа есеппен тәулігіне 150-400 адам), оның ішінде 32 980 - халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүргізушілер және 19 153 жолаушы келген.

ПТР-тексеру үшін карантиндік стационарларға 1 915 ҚР азаматы орналастырылған. Анықтамасыз келген 747 шетел азаматы шекарадан кері қайтарылды.

Соңғы тәулікте шекарадан 303 адам өтті (118 жаяу, 185 жүк көлігінің жүргізушісі), карантиндік стационарға 5 қазақстандық орналастырылған.

Бір тәулік ішінде «Үрлітөбе» бекетінде COVID-19-дың 3 расталған жағдайы (симптомсыз) анықталды. Үшеуі де екі жақты жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер. Екеуі Павлодар қаласының және біреуі Петропавл қаласының тұрғындары.

Сондай-ақ, 2021 жылдың 14 қаңтарында ПТР талдауының теріс нәтижесі көрсетілген анықтамасыз шекарадан өтпек болған Өзбекстан азаматына елге кіруіне тыйым салынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары