$ 448.56  478.03  4.79

«Мас депутатты» ВИДЕОға түсіріп алған журналист жасаған әрекеті үшін кешірім сұрады

"Менің кешірімімді сіз қабылдайсыз ба, қабылдамайсыз ба, Қазыбек аға, ол өз еркіңізде", - деді ол.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

"Мас депутатты" видеоға түсіріп алған журналист Ербол Мәндібек жасаған әрекеті үшін кешірім сұрады, деп хабарлады paryz.kz, "Ақ жол" партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ролик авторының айтуынша, ол бұл видеоны қандай да бір ұйымдардың не жекелеген адамдардың ықпалымен түсірмеген. 

Тағы оқи отырыңыз: Перуашев партияның "мас депутатына" қатысты түсініктеме берді (ВИДЕО)

"Біріншіден, кешегі Қазыбек Исаға байланысты тараған видеоға қатысты ең бірінші халықтан кешірім сұраймын. Яғни қарапайым адамдар, әсіресе үлкен ағаларымыз менің істеген ісімді дұрыс емес деп баға беріп отыр. Демек мен ресми түрде олардың пікірімен санаса отырып, бірінші кезекте халықтан және Қазыбек Иса ағамыздың өзінен кешірім сұраймын. Шыны керек, Қазыбек аға, сіз халықтың өте жоғары сеніміне ие екенсіз.  Ендеше, Парламентте нәтижелі жұмыс істеп, елге айна болыңыз дегім келеді. 

Екіншіден, ескерту: бұл видеоны мен қандай да бір ұйымдардың не жекелеген адамдардың ықпалымен түсірген жоқпын. Өзім түсіргенімді мойындаймын. 

Үшіншіден, менің кешірімімді сіз қабылдайсыз ба, қабылдамайсыз ба, Қазыбек аға, ол өз еркіңізде. Дегенмен, егер қабылдамасаңыз, заңда көрсетілген жазаны ер-азамат ретінде мойныммен көтеруге дайынмын", - деді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары