$ 445.66  474.58  4.78

Мәжіліс депутаттары қағаздан 3-4 сөйлемді оқи алмай әбден састы (ВИДЕО)

Сондай-ақ, осы шақырылымның алғашқы отырысында Мәжілістің құрамындағы 7 комитеттің төрағалары сайланды. Олардың екеуі ғана "Ақ жол" және Қазақстан халық партиясынан болса, қалған 5 комитеттің төрағалары - Nur Otan фракциясының мүшелері...

Алғашқы жұмыс күнін бастаған Мәжілістің VII шақырылымының депутаттары қызметін ант берумен бастады. Алайда олар алдарындағы қағаздан 3-4 сөйлемді оқып бере алмай састы, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Әуелі Орталық сайлау комиссиясының төрағасы сайланған депутаттарды толық тізіп шықты. Одан соң әрқайсысынан салтанатты түрде ант қабылданды. Төменгі палата сапына жаңа депутаттарды қабылдау рәсімі аяқталған соң, барлық фракция депутаттары бірлесе отырып спикерді сайлады. Бұл лауазымға тек бір ғана кандидат – Нұрлан Нығматулин ұсынылған.

Сондай-ақ, осы шақырылымның алғашқы отырысында Мәжілістің құрамындағы 7 комитеттің төрағалары сайланды. Олардың екеуі ғана "Ақ жол" және Қазақстан халық партиясынан болса, қалған 5 комитеттің төрағалары - Nur Otan фракциясының мүшелері. Ол фракцияның жетекшісі де сол Нұрлан Нығматулин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары