$ 443.85  474.3  4.8

Қазнетте полицияға шабуылдаған ер адамның видеосы қызу талқыланып жатыр

Ол полиция қызметкерлеріне тап беріп, жеке сот орындаушыларына бұрыш бүріккішін қолданған.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Елордалық жас ана қызын алдап ұрлап кеткені жайлы әлеуметтік желіде жариялады. Оқырманға өзін Құралай деп таныстырған желі қолданушысы бұрынғы жолдасы баланы заңсыз түрде тартып алғандығын айтады.

«Мен өзім Нұр-Сұлтан қаласынан боламын. Екі баланың анасымын. Үлкені төртте, кішісі үш жаста. Тұрмыс құрған кезімде жолдасыммен Алматыда тұрдық. Мен 2019 жылдың қаңтарында үйден кетіп қалдым. Өйткені, бұрынғы күйеуім менің жүкті кезімде және балалардың көзінше маған бірнеше рет қол көтерген. Кетер кезімде маған қызымды бермеді. «Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты» балалар анасымен бірге тұруға тиіс деген ұйғарым шығарды», - деп жазған Құралай Қасымбекқызы.

Жас ананың айтуынша, сот шешімінен кейін 2019 жылдың 29 тамызында бұрынғы жолдасы Берік Бияхмет баланы алдап ұрлап кеткен. Арада бір жарым жыл уақыт өтсе де, келіншек әлі күнге дейін қызын көрмегендігін мәлімдеді.

«Бір жарым жыл ішінде барлық инстанцияға барып, өтініш жаздым. Алайда тиісті орган бұрынғы жолдасымды сот орындаушысының талабын орындамағаны үшін 682-бапқа сәйкес тек әкімшілік жауапқа тартты. Өкінішке қарай, Алматы қаласы Наурызбай ауданының ІІБ, прокуратура және қамқоршылық органдары менің өтінішіме еш жауап бермеді, сондай-ақ оны қылмыстық жауапкершілікке тарта алмайды», - деді жазбасында.

Сонымен қатар, жазба авторы 2020 жылдың 7 желтоқсанында болған оқиғаның видеосын жариялаған. Келіншектің айтуынша, баланы қайтаруға қарсылық танытқан қайын атасы жеке сот орындаушылары мен қамқоршылық органдарының өкілдеріне сес көрсеткен.

«Бұрынғы жолдасымның әкесі Мәжкенов М.Б құзыретті органның қызметкерлеріне күш көрсетіп, оларға газ баллонымен шабуыл жасады. Оқиғаға қатысты арыз жазылды. Бірақ әлі күнге дейін ешкім назарына алған жоқ. Ол (бұрынғы жолдасы – авт.) құқық қорғау органдарында достарының бар екенін бірнеше рет айтқан», - жеп жазды Құралай.

Автор оқырмандарына бұрынғы жолдасының жеке өмірін де жария еткен.

«Бұрынғы күйеуім бүкіл отбасымен 5 рет намаз оқиды. Ол біз отбасын құрғанға дейін бұрын-соңды үйленбегенін айтты. Алайда неке құрғаннан соң тоғыз айдан кейін оның бірінші некесінен 13 жастағы қызы барын естідім. Ол алимент төлемеу үшін тегін ауыстырған екен. 4 жылдан кейін мен оның бұрынғы әйеліне хабарласып, сөйлестім. Оның айтуынша, оны да БМ-ның анасы әбден таяқтың астына алған екен», - деп жазылған.

Желі қолданушысы құқық қорғау органдарынан үміт үзгендігін айтады. Осылайша жас келіншек ендігі кезекте қоғам өкілдерінен көмек сұрауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары