Елордада алдағы жексенбі күні қоғамдық көліктер жүрмейді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жексенбі күні, яғни 17 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
⠀
Айта кетейік, автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Жолақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.