$ 443.85  474.3  4.8

«Хабиб менімен төбелесуден қорқады» - МакГрегор

Джастин Гэтжиді жеңгеннен кейін спорттан кететінін жариялады.

Екі салмақ дәрежесінде UFC-дің экс-чемпионы 32 жастағы ирландиялық Конор МакГрегор жеңіл салмақтағы титул иегері, бітіспес қарсыласы ресейлік Хабиб Нурмагомедов жайлы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Нурмагомедов менімен төбелесуден қорқады. Бұл анық, бұл үшін оны кінәламаймын. Сол түні мен Хабибпен шайқастым, ал менің ол кезде бабым болмады», - деп мәлімдеді Конор.

Еске салайық, Хабиб Нурмагомедов 2020 жылдың 24 қазанында Абу-Дабидегі (БАӘ) Жекпе-жек аралында UFC 254 турнирінде Джастин Гэтжиді жеңгеннен кейін спорттан кететінін жариялады. Кеше, 15 қаңтарда Дана Уайт пен Хабиб Нурмагомедов спортшының болашағы туралы кездесу өткізді. Келіссөздің нәтижесі әлі белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары