$ 446.49  475.38  4.79

Еліміздің 3 өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды

Автокөлік құралдарының барлық түрінің қозғалысы шектелді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Ауа райының бұзылуына байланысты республиканың үш облысында жол учаскелері жабылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақавтожол компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

16 қаңтарда боранға байланысты Сарыөзек-Көктал тас жолының 3-80 шақырымында, нақтырақ айтқанда Сарыөзек станциясы - Басши ауылы учаскесінде автокөліктің барлық түрі бойынша қозғалысқа шектеу енгізілді.

16 қаңтарда Алматы облысында ауа-райының нашарлауына байланысты Алматы-Өскемен тас жолының 615-683 шақырымындағы учаскеде барлық көлік түрі үшін жол жабылды.

16 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында ауа-райының нашарлауына байланысты (қатты жел, қарлы боран) Алматы-Өскемен тас жолының 778-967 шақырымдық учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді (Аягөз-Қалбатау).

16 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында боран соғып, «Таскескен-Бақты-ҚХР шекарасы» автожолының 84-187 шақырымындағы Үржар-ҚР шекарасы учаскесінде автокөлік құралдарының барлық түрінің қозғалысы шектелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары