17.01.2021, 09:43

Шымкентте жер сілкінді

фото: 24.kz
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 13,0. Магнитудасы - 6,0.

Шымкент тұрғындары Ауғанстандағы жер сілкінісінің дүмпулерін сезді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жер сілкінісі 17 қаңтарда Астана уақытымен 02.02-де тіркелді.

БҒМ Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының деректері бойынша, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 823 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында, 150 шақырым тереңде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 13,0. Магнитудасы - 6,0.

Шымкентте жер сілкінісі 2 балл болып сезілді.

Жергілікті тұрғындар дүмпулер туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде бөлісті.