17.01.2021, 10:39

Қарағандыда жеті адам газдан уланып қалды

фото: ktk.kz
Бір әйел ауруханаға жатқызылды

Қарағандыда жеті адам газдан уланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Олар Қарағандыда Кемеровская көшесі 97 мекенжайындағы бес қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде жұмыс істейтін генератордағы газдан уланған 1954 жылы дүниеге келген әйел ауруханаға жатқызылды», – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, медициналық көмекке тағы 6 адам жүгінген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Тегтер: улану газ