$ 446.49  475.38  4.79

Тағы екі өңір «қызыл» аймаққа кірді

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясының 978 жаңа жағдайы тіркелді.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

2021 жылдың 17 қаңтарындағы Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, екі облыс коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Атырау және Павлодар облыстары коронавирустың таралуы және жұқтыру бойынша "қызыл" аймаққа кірді.

Осылайша, қазір "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан және Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар облыстары бар.

"Сары" аймақта: Алматы және Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қалғандары "жасыл" аймақта.

Еске салайық, кейінгі тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясының 978 жаңа жағдайы тіркелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары