2021 жылдың 17 қаңтарындағы Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, екі облыс коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Атырау және Павлодар облыстары коронавирустың таралуы және жұқтыру бойынша "қызыл" аймаққа кірді.
Осылайша, қазір "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан және Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар облыстары бар.
"Сары" аймақта: Алматы және Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары.
Қалғандары "жасыл" аймақта.
Еске салайық, кейінгі тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясының 978 жаңа жағдайы тіркелді.