Қазақстанда 4 облыс пен 1 қала «қызыл» аймақта тұр. Денсаулық сақтау министрлігі өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
Министрліктің мәліметінше, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Атырау облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралу қаупі жағынан «қызыл» аймақта тұр. Ал «сары» аймақта Алматы, Қарағанды, БҚО мен СҚО бар.
Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта орналасқан.
Жалпы қазіргі уақытта Қазақстан аумағы коронавирус бойынша «сары» аймақта тұр.