$ 494.87  520.65  4.91

Елбасы Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті

Тараптар алдағы уақытта да екі елдің басты партиялары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету және кеңейту жөнінде пікір білдірді.
фото: strategy2050.kz
фото: strategy2050.kz

Нұрсұлтан Назарбаев «Единая Россия» бүкілресейлік саяси партиясының төрағасы, Ресей Федерциясының Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Elbasy.kz.

Дмитрий Медведев Елбасыны Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында «Nur Otan» партиясының айқын жеңіске жетуімен құттықтады. Сондай-ақ ол дауыс беру нәтижелері жалпыұлттық сенімді және партияның елді өркендетуге бағытталған стратегиялық бағдарын қолдайтынын көрсеткенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевке жылы лебіздері үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан-Ресей стратегиялық және одақтастық қатынастарының рухы мен мазмұнына сай келетін «Nur Otan» мен «Единая Россия» партияларының арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейде екеніне тоқталды.

Тараптар алдағы уақытта да екі елдің басты партиялары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету және кеңейту жөнінде пікір білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары