Астананың Алматы ауданында орналасқан №29 мектеп кеше түнде өртеніп кетті деп жазады Tengrinews.kz ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
Ведомствоның ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, оқу ғимаратының өртеніп жатқаны туралы ақпарат өрт сөндіру бөліміне түнгі сағат 1:12-де келіп түскен. Оқиға орнына дереу жеткен мамандар қызыл жалынды сағат 2:17-де ауыздықтаса, сағат 3:14-те толықтай өшіріп біткен.
"Өрт екінші қабаттағы мәжіліс залын шарпыған. Негізінен шатыр жабындысы отқа оранған. Өртенген аумақ шамамен 500 шаршы метрді құрады. Оқиға салдарынан қайтыс болғандар немесе зардап шеккендер жоқ", - деді Иманқұлов.
Өртті сөндіруге барлығы 59 өрт сөндіруші жұмылдырылған. Сондай-ақ, 16 техника көмекке келіпті. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз.